Парижде әлемге әйгілі Лувр музейін тонап кетті. Бұл туралы Bild басылымының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Францияның мәдениет министрінің айтуынша, бүгін таңертең мұражай ашылып жатқан сәтте белгісіз бір топ адам қарулы шабуыл жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
БАҚ дерегінше, қылмыскерлер Наполеон мен Жозефина патшайымға тиесілі зергерлік бұйымдар топтамасынан тоғыз затты — алқа, сәнді түйреуіш, тиара және өзге де бірегей әшекейлерді ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта полиция тонаушыларды іздестіріп жатыр. Тергеу басталды. Лувр әкімшілігі музейдің «айрықша себеппен» бір күнге жабылатынын хабарлады.
