Тоқаев Франция президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Еммануел Макронмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еммануел Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылыпжатқанына тоқталды, — делінген хабарламада.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да