Алфард көлігіне тыйым салынуы мүмкін

Не болды?

Amanat партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыров премьер-министр Олжас Бектеновке азаматтардың жолын қауіпсіз ету жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Мәлімет

Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартысында 15 698 жол-көлік апаты болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 54% көп. Жол апатынан 22 342 адам зардап шегіп, 1 466 адам қаза болған.

Сапаршылар жол апатының 1/3 белгіленген жылдамдықтан асқанынан, көлік айдап келе жатыр ұйықтап кеткеннен және қарсы жолаққа шығып кеткеннен болады дейді.

Жол қауіпсіздігі — халықтың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жайт. Өкінішке қарай, елімізде бұл мәселе өршімесе, азаймай тұр. Бейбіт күнде қаншама отбасы қара жамылып отыр. Жыл басынан бері Қарағанды олысында 49 адам қаза болса, оның 1/3 такси қызметін қолданған азаматтар. Дәл осындай жағдай республикалық маңызы бар трассалардың бәріне тән,- деді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, жол апатының негізгі екі себебі бар:

  1. Күніне үш-төрт рет қала арасында жүретін жас такси жүргізушілері түнімен ұйықтамай, денені сергітетін сусын ішеді. Оның әсері біткенде лезде ұйықтап кетеді.
  2. Халықты қаладан қалаға таситын көліктердің көбі — рөлі оң жақтағы Toyota Alphard. Мұндай көлік басып озғанда қарсы жолақта келе жатқан көліктерді көруге кедергі жасап, жол апатына жиі ұшыратады.

Такси айдайтындардың отбасын асырау үшін жан ұшырып жүргенін түсінеміз. Алайда басқа азаматтардың өміріне қауіп төндіріп ақша табу — күнә. Оған қоса, «помогайкалар» жүргізуші куәлігін мектепте оқымай-ақ алуға болатынын жасырмайды. Сондықтан жүргізуші дайындайтын мектептердің заң алдында жауапкершілігін арттыру керек,- дейді Ерлан Сайыров.

Ол мәселені шешу үшін мына шараларды қабылдауды ұсынады:

  • Заң талаптары бойынша агрегаторлар жол жүру ережелерін жиі бұзатын жүргізушілерді, рөлі оң жақтағы көліктер мен ескі көліктерді жолға шығармау;
  • сервистер, автомобильдердің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің білігін тексеріп, талапқа сай келмейтінін шектеу.

Естеріңізге салайық, жол апатына түскен адамның өтемақысы екі еселенуі мүмкін.