Жол апатына түскен адамның өтемақысы екі еселенуі мүмкін

Не болды?

Қазір адам жол апатынан зардап шексе, оған төленетін ақша емделуге де жетпеуі мүмкін. Сондықтан оның құны екі есе өсуі мүмкін. Міндетті автосақтандыру туралы заңға енетін өзгерістер мәжілісте талқыланып жатыр. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлап отыр. 

Мәлімет

«Сақтандырушының жауапкершілік шегі» деп аталатын 24-бапқа өзгеріс енсе, сақтандыру төлемі мынадай болуы мүмкін:
  • Жәбірленуішінің денсаулығына зиян келсе не қаза болса: 4000 АЕК;
  • жәбірленуші мүгедек болып қалса: I топ — 3200 АЕК; II топ — 2400 АЕК; III топ — 1000 АЕК; бала мүгедек болып қалса — 2000 АЕК.
  • Жәбірленушінің денсаулығына зақым келгенмен, мүгедек болмаса — 300 АЕК. Емханада ем алған әр күн үшін кемінде 2 АЕК өтемақы берілуге тиіс.
  • Бір жәбірленушінің мүлкіне зиян келсе — зақым көлеміне сай ақша береді, бірақ төлем сомасы 1200 АЕК-ден аспауы керек.
  • Екі немесе одан көп адамның мүлкіне бір мезетте зиян келсе, әр жәбірленушіге өтемақы төленеді, бірақ әр адамға берілетін төлем сомасы 1200 АЕК-ден аспайды.
Бәріне төленетін жалпы сақтандыру сомасы 4000 АЕК-ден аспауы қажет. Демек, барлық санат бойынша сақтандыру төлемі екі еседей өседі. Тек жараланған, бірақ мүгедек болмағандар алатын өтемақы ғана өзгермейді.
Депутаттар жаңа ереже жол апатынан зардап шеккен азаматтың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді деп санайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да