7 қазанда еліміздің 9 қаласының ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 7 қазанда Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Қостанай, Атырау, Астана қалаларында ауа райы қолайсыз болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.