Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға қосымша салынған құрылыстың заңсыз тұрғызылғаны анықталды.

2025 жылғы 25 мамырда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Соттың 2025 жылғы 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды және заңсыз салынған нысанды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді, — делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өзі бұзды.