Ішінде Құлыбаевтар бар. 15 жыл бұрын берілген жерлер мемлекетке қайтарылды

Не болды?

15 жыл бұрын жеке пайдалануға берілген құнды жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы хабарлап отыр.

Мәлімет

Кейінгі үш жылда мемлекетке жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 83 мың гектар жер қайтарылды, оның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 млрд теңге бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының және Forbes тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болды, — делінген хабарламада.

Прокуратураның талап-арызы бойынша 2025 жылғы мамырда Құлыбаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты депутаттық сауалда көрсетілген тағы 9 гектар жағалау аумағы қайтарылды.

Іле ауданы жерлеріне қатысты жұмыс жүріп жатыр, жұртшылықты тексеру нәтижесінен хабардар етеміз, — делінген прокуратура хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 10 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған еді.

Батыс Қазақстан облысында да ауыл шаруашылығына арналған заңсыз жалға берілген 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.