Тимур Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты

Баспасөз мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85% Kazakhstan Petrochemical ЖШС сатып алған, 15%-ы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалған. Осылайша Joint Resources АҚ (100% Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, былтыр желтоқсанның аяғында «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
Жаңа құрамға сайланғандар: Әбләзімов Б.Н. — директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Аязбаев Р.Р. — директорлар кеңесінің мүшесі, Ісқазиев К. О. — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Ибрашев К.Н. — директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маулешев А.А. — директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан құралған.
  • Айта кетейік, «ҚазАзот» — аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші әрі экспорттаушы. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан.