Не болды?
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Carlsberg Central Asia ЖШС арасында жасалған келісім шеңберінде алкогольсіз сусындар зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет хабарлап отыр.
Мәлімет
Зауыт салуға 216,3 млрд теңге кетеді. Зауыт Алматы облысындағы Іле ауданына салынады. Кәсіпорын жылына 340 млн литр алкогольсіз сусын шығарады.
Жоба отандық шикізат пен материалдарды пайдалану есебінен импортты алмастыруға және локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 230-дан астам жұмыс орны ашылады, оның ішінде жұмыс күшінің кем дегенде 85%-ы Қазақстан азаматтары болады. Отандық кадрлар даярлау үшін арнайы оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламалары әзірленген, — делінген Үкімет хабарламасында.
Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі деп жоспарланып отыр.
