Не болды?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әйелдің аяғы ауыр кезінде ацетаминофен (парацетамол) ішу, балаға екпе салу мен аутизм арасында байланыс жоқ екенін мәлімдеді.
Мәлімет
Әлемдік қауымдастық аутизмнің себептерін және аутизмі бар адамдарға, олардың отбасыларына қажетті ескере отырып көмек беру тәсілдерін зерттеу үшін қосымша күш салу қажет дейді. ДДСҰ бұл мақсатқа — аутизмі бар адамдардың бірлестігі, осы мәселеге қатысты басқа да ұйымдар, олардың серіктестермен бірігіп жетуге ниетті екенін мәлімдеді.
Әйелдің аяғы ауыр кезде ацетаминофен ішу мен аутизм арасындағы байланыс мәселесі кейінгі онжылдықта көп зерттелді. Бүгінге дейін олардың арасында байланыс анықталмады, – делінген ДДСҰ мәлімдемесінде.
Вакциналау аутизмге әкеліп соқпайды
Ұйымның хабарлауынша, вакцинациялау аутизмге себеп болмайтынын растайтын айқын әрі даусыз дәлелдер бар. 1999 жылдан бастап ДДСҰ-ға кеңес беретін тәуелсіз сарапшылар құрамында тиомерсал немесе алюминий бар вакциналар аутизмге немесе басқа даму ауытқуларына әкелмейтінін бірнеше рет дәлелдеген.
ДДСҰ барлық әйелге дәрігер мен медицина қызметкерлерінің нұсқауын орындауды жалғастыруды ұсынып отыр. Әйелдің аяғы ауыр кезінде, әсіресе алғашқы үш айда, кез келген дәрі-дәрмекті ерекше сақтықпен, медицина мамандарының кеңесін қатаң ұстана отырып ішу қажет.
