Мәжіліс жасанды интеллект туралы заңды қабылдады

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Құжатта алғаш рет «жасанды интеллект», «модель», «жүйе», «синтетикалық нәтиже» сияқты жаңа құқықтық ұғымдар енгізілді.

Заң жасанды интеллект жүйелерін қауіп деңгейіне қарай жіктеуді, синтетикалық контентті міндетті түрде маркілеуді және қауіпті технологияларды пайдалануға шектеулерді қарастырады. Атап айтқанда, адамдардың келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін, әлеуметтік скориң жүргізетін немесе эмоцияларын талдайтын ЖИ жүйелеріне тыйым салынады.

Сонымен қатар авторлық құқық мәселелері нақтыланып, тек ЖИ-дің көмегімен жасалған шығармалар заңмен қорғалмайтыны белгіленді. Ал ЖИ келтірген зиян үшін жүйе иелері мен операторлары жауапты болады.

Жаңа заң Қазақстанда қауіпсіз әрі тұрақты жасанды интеллект экожүйесін қалыптастырудың алғашқы қадамы деп бағаланып отыр. Құжат сенатқа жолданды.