Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт: аумаққа топырақ төселіп жатыр

Не болды?

Өрт сөндірушілер Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өртті әлі сөндіріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлап отыр.

Мәлімет

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағына топырақ төселіп жатыр. Бұл үшін төрт карьер жабдықталған.

Өрт орнында далалық лагерь құрылып, жеке құрам сонда тамақтанып жүр. Оларға жеке қорғаныс құралдары берілген, ал түнде көз шағылысатын жилет таратылған.

ТЖМ хабарлауынша, өрт сөндірушілерге жанар-жағармай және қажет шығын материалдар (май, антифриз, қосалқы бөлшектер және басқа да заттар) беріледі.

Контекст

Алматы облысындағы қоқыс полигоны 15 қыркүйектен бері өртеніп жатыр. Өрт ошақтарының 10 метрден астам тереңде жатыр.

Өрт сөндірушілер 18 қыркүйекте жасырын өрт ошақтарын салқындатып, оқшаулауды бастаған еді.