Елімізде кейінгі аптада 2 647 қылмыс тіркелді

Елімізде апта ішінде 2 647 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Бір апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды, оның 1 645-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, сегіз өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 25 тонау және 318 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің бапасөз қызметі алаңында өткен брифиңде.