Алматы полициясы терезеден оқ атқан адамды іздеп жатыр

Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің терезесінен оқ атты. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Тапаншаны оқтап, далаға қарай оқ атқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады, — делінген хабарламада.