Доллар 476–481 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476–481 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476-481 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 477,5-480,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71-4, 91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,9 теңгеден сатылып жатыр.