Алматыдан 212 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні сағат 00.43-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 42.00° с.е. 79.93° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша тербелістің сезілуі туралы мәлімет түспеген.