Алматыда жүк көлігі самокат мінген оқушыны басып кетті

Алматыда жүк көлігі самокат мінген оқушыны басып кетті. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады. 

Қайғылы оқиға әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жанында болды. Жеткіншек электросамокатпен велосипед жолымен келе жатқанда жүк көлігі оңға бұрылған.

45 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі баланы байқамаған.

«Холл» маркалы жүк көлігінің 1978 жылы туған жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылу кезінде электросамокатпен шығыс бағытта келе жатқан 2010 жылы туған баланы қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, — делінген хабарламада.

Егер жүргізуші кінәлі деп танылса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.