Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–461 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457–461 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар бағамы 457,5–461,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 459,69 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,77 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71– 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,72-4,82 теңгеден сатылып жатыр.
