Президент сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Жиынға мәжіліс және сенат депутаттары, үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық құрылтай, адам құқықтары жөніндегі комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Бірлескен отырысқа мәжілістің 98 депутатының 97-сі және сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.