Риддердегі жылу электр орталығының жұмысы 9 қарашаға дейін қалпына келеді

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, Риддердегі жылу электр орталығы толықтай жұмыс істеуі үшін 9 қарашаға дейін екі насос жөнделеді.

Қазіргі жағдайға келсек, қазандықтар іске қосылып жатыр. №2 төмен қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Барлығы 3 қазандықты жағуымыз керек. Неліктен мұндай төтенше жағдай болды деп бәрі таңырқап жатыр. Бұл жерде бір ғана жауап бар – орталық иелері жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Кімнің кінәлі екенін білеміз. Бірақ қазір алдымызда орталықтың жұмысын қалыпқа келтіру міндеті тұр, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, орталықты коммуналдық меншікке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салсақ, 23 қазанда Риддердегі жылу электр орталығында ақау шығып, халық жылусыз қалған болатын.