Алматыда мамырдың соңына дейін 60 фонтан іске қосылады

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алматыда барлығы 128 фонтан бар, 63-і қала меншігінде, 65-і жеке меншік. Субұрқақтар сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары, санитарлық тазалау үнемі жүргізіліп отырады.

Әр субұрқақта шомылуға тыйым салынғаны туралы адамдарды ескертетін тақтайшалар бар. Ішінде электр жабдығы, су астындағы жарықтандыру құралдары, суасты сорғылары бар.

Еске салайық, былтыр маусымда Алматыда цирк жанындағы фонтанда әйел мен екі баланы тоқ соқты. Сол кезде алматылықтар субұрқақтың жанында ток соғу қаупі туралы ешқандай ескерту таппағанына наразы болды. Ал осы субұрқаққа жауапты компания оқиға болған күні субұрқақ штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады.