Науқастың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі дем алып жатыр, — деді басқармаөкілі.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 8 және 10 жастағы қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр.
Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, емделіп жатыр, — деді басқармадағылар.
Еске салайық, 19 маусымда Алматыдағы цирк ғимараты маңында орналасқан фонтанда бір ересек адамды және екі баланы тоқ соқты. Зардап шеккен азаматтарды 19 жастағы Абылай Балапанов құтқарып қалды.
Алматы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша тергейтінін хабарлады.
