Алматы облысында тауда жоғалып кеткен төрт жасар бала табылды

Бұл туралы  облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 16 мамырда кешкі сағат 20:30 кезінде Кербұлақ ауданындағы Доланалы ауылына жақын жерде баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Ол ата-анасымен бірге саңырауқұлақ теруге келген. Төрт жасар ұл көліктің жанында ойнап жүрді. Артынан із-түзсіз жоғалып кетті.

Ата-анасы үш сағаттай баласын өздері іздеп көрген. Сосын төтенше жағдайлар депаратментіне хабар берді. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар ғана емес, полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен жергілікті халық та қатысты.

Барлығы 100-ден астам адам таулы жерді аралап шықты.

Түнгі сағат 23:30-де үш шақырым шалғай жерде жоғалған бала табылды. Дәрігерлер оны қарап шықты. Ол жарақат алмаған.