Павлодар облысында жоғалған екінші бақташының да денесі табылды

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 қазан күні сағат 16.20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан ағайындылардың екіншісінің денесі табылды. Ол 1985 жылы туған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 қазан күні Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны хабарласып, екі ағайындының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты. Олардан 5 қазаннан бері хабар-ошар болмаған.

25 қазан күні ағайындылардың бірінің денесі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша өлім себебі – ағзаның суықтап қалуы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да