Түрікменстан президенті Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Түрікменстан президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды, — деп жазды Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірген.

Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық, – деді Қазақстан президенті.