Түркістан облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа жақындады

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 31 шілдесіндегі COVID-19 инфекциясымен ауырып жатқандарға қатысты деректерді жариялады.

Қазіргі уақытта 95 998 адам коронавирус инфекциясынан (93 366 КВИ+ және 2 632 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде

  • 27 004 пациент стационарда,
  • 68 994 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 677 адамның жағдайы ауыр,
  • 349 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 334 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта Түркістан облысы ғана бар.

710b870d896e6625c9af6a7f91e0719b Түркістан облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа жақындады