31 шілдеде Токио Олимпиадасында кімдерге жанкүйер боламыз?

Токиода ХХХII жазғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Төртжылдықтың басты додасының кезекті жарыс күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі.

Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең.

Су добы. Ерлер құрамасы. (өтті)
Басталуы: 07:00

Садақ ату. 1/8 финал. Ильфат Абдуллин (өтті)
Басталуы: 10:35

Теннис. Қола жүлде үшін кездесу. Елена Рыбакина
Басталуы: 13:00

Бокс. Ерлер. 1/8 финал

52 келі: Сәкен Бибосынов/Б.Беннама (Франция)
Басталуы: 14:48

63 келі: Зәкір Сафиуллин/Д.Наримацу (Жапония)
Басталуы: 15:36

Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады.

Олимпиаданың жартылай финалында Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесіп, 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңілді.