Денсаулық сақтау министрлігі вакциналардың сақталуын бақылауды күшейтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 19 шілдесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте Қазақстанның кейбір өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмаған деп атап айтты.

«Өңірдің бәрі бірдей бұл жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмайды. Вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзудың көп фактісі егу пунктілерінің шамамен 30%-інде анықталды» –  деді мемлекет басшысы.

Бұл ақпаратты 2021 жылдың 23 шілдедегі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растады.

Биыл ақпанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау басталған кезде елімізде 200-ден астам егу пункті жұмыс істеді, 23 шілдедегі жағдай бойынша 2 300-ден астам пункт жұмылдырылды. Әуеліде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет вакцинация процесі басталғанға дейін егу пунктілерінің ашылуына байланысты тексерулер жүргізді.

Сонымен бірге вакцинациялау кезінде санитариялық қағидалар талаптарының сақталуына, оның ішінде салқын тізбектің сақталуына мониторинг жасау үшін бару жүргізіледі. Негізінен, әрбір үшінші егу пунктінде (шамамен 30%) жұмысқа рұқсат алғанға дейін санитариялық қағидалар талаптарының бұзылатыны анықталды.

Бұзушылықтар жойылғанға дейін осы егу пункттерін пайдалануға рұқсат етілген жоқ. Вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде «салқын тізбек» талаптарын сақтау халыққа профилактикалық егуді жүргізу кезінде маңызды шарт болып есептеледі. Барлық ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар вакциналарды сақтаудың оңтайлы температуралық жағдайларын сақтауға бағытталуға тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қолданыстағы егу пунктілерінде салқын тізбектің, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының, оның ішінде температуралық режимнің сақталуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асырады. Вакцинаны сақтаудың температуралық режимін сақтау – вакцинациялау тиімділігінің кепілі. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын ерекше бақылауға алып отыр, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.