22 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын болады

22 сәуір жауын-шашынды болады. «Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады, бүгін республика бойынша түрлі өңірде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Ақмола облысында 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Алматыда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін, Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 20-22 сәуір аралығында солтүстікте қар, оңтүстікте жаңбыр жауатынын және ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған еді.