Сейсенбіде еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 9 сәуірде Қазақстанның оңтүстік аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бұл өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Еліміздің басқа аумақтарында күн ашық болады. Өңірлерде тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін, екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Жамбыл облысында да бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында жел екпіні 20-25 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Павлодар облысында су тасқыны болуы мүмкін, Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.