Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда коммуналды төлемдер қымбаттайды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс-Қазақстан облыстық департаменті монополистердің өтінішін мақұлдаған. Бұл жөнінде брифингте аталған департаменттің басшысы Уәлихан Разов мәлімдеген.

Онда электрэнергия тарифінің 10,6 пайызға, жылу 34 және су тарифі 31 пайызға қымбаттайтыны айтылған.

Уәлихан Разовтың есебі бойынша, 32 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерге 8 мың теңге төлеп келсе, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап 10 мың теңге төлейтін болады.

ДереккөзСentralasian.org