Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып сайланды

Дариға Назарбаева Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды.

Сенаттың жаңа спикері құпия дауыс беру нәтижесінде сайланды. 44 депутаттың бәрі бірауыздан Дариға Назарбаеваның кандидатурасына дауыс берген.

Біз Парламент Сенатының төрағасы етіп Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны сайлау туралы ұсынысты ерекше сезіммен қолдаймыз, өйткені қанша жылдан бері бетпе-бет, жұмыс топтарында, комитет отырыстарында, кулуарларда жұмыс істеп келеміз, — деді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

Дариға Назарбаева бұған дейін Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетін басқарып келген еді. Ол 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы. Саяси ғылымдар докторы.

Дариға Назарбаева еңбек жолында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, кейін Парламент Сенатының депутаты болып жұмыс істеп көрді.

ДереккөзTengrinews.kz