Дариға Назарбаева Қазақстанда сөз бостандығы бар деп есептейді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева еліміздегі сөз бостандығына қатысты пікір білдірді.

Сенат отырысының кулуарында журналистер одан «Шекарасыз репортерлар» рейтингі бойынша Қазақстанда сөз бостандығы көрсеткішінің төмен болуы жөнінде пікір білдіруін сұрады.

Сіздер қалай ойлайсыздар, сөз бостандығы жоқ па, не? Қалаған кезде бәрін сөгесіздер, сынайсыздар. Әлеуметтік желілерде барлық нәрсе туралы ашық жазылады. Сіздердің қай рейтингті айтып тұрғандарыңызды білмеймін, — деді Дариға Назарбаева.

Сенатор журналистерге рейтингтерге көп сене бермеуді ескертті.

Бәрі оларды кім және не үшін жасайтынына байланысты. Сондықтан мен әрқашан рейтинг қууға сын көзбен қараймын, — деді Дариға Назарбаева.

ДереккөзZakon.kz