Бірғаным Әйтімова алатын зейнетақысының мөлшеріне таңғалды

Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова өзінің зейнетақысы туралы айтты.

Қаншама лауазымда болсам да, менің зейнетақымның мемлекеттік қызметте ешқашан жұмыс істемеген достарымдікімен бірдей болуы таңғалдырады, — деді Әйтімова журналистерге Сенаттағы отырыс сыртында.

Депутаттың айтуынша, оның зейнетақысының көлемі — 100 мың теңгеден сәл жоғары.

Мен зейнеткермін, зейнетақым кешегі гараж жұмысшысынікіндей. Бізде заңда көрсетілген судьялар корпусы, әскерилер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінікінен басқа эксклюзив зейнетақы жоқ, — деді сенатор.

Бірғаным Әйтімова 1953 жылдың 26 ақпанында Батыс Қазақстан облысында туған. Әр жылдары Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстанның Израильдегі елшісі, Премьер-министрдің орынбасары, Білім және ғылым министрі болып қызмет етті.

ДереккөзТengrinews.kz