Ақтөбеліктер ата-анасыз тұрып жатқан алты балаға пәтер жалдап берді

Ата-анасыз тұрып жатқан балаларға жаны ашыған адамдар белсенді түрде көмек беріп жатыр. Бірі өз қолына алып, тамағын беріп, жуындырып, жиналған қаражатқа өздері оқитын мектептің жанынан бір айға пәтер жалдап берді. Осыған дейін Әкімдіктегілер балалардың анасы басқа қалада табыс табу үшін кеткенін мәлімдеген болатын. 42 жастағы үй отағасы бірнеше күн бұрын инсульт алып ауруханаға түскен. Осылайша ең кішкентайы алты айлық, ал үлкені 16 жастағы балалар жалғыз қалған.

«Бірнеше күннен соң әкелерін ауруханадан шығарады және балалар әкелерімен бола алады. Әзірге жалдамалы пәтерде тұратын болады. Содан кейін өз үйлерінің құрылысын жалғастырады. Аналары Таразда жұмыс істейді. Ол мүмкіндігі болған мезетте келетінін айтып отыр. Біз оларға көмектесіп жатырмыз, сол күннен бері жандарындамыз. Тамақ пен киімдер алып келіп жатыр. Балалардың дендері сау, өздерін жақсы сезінеді», — деп бөлісті ерікті Альбина Баянғали. Еріктілер құрылысы аяқталмаған саяжайдағы балалардың үйіне келді.

Шыныбековтер отбасына көмек көрсеткісі келетіндер мына волонтерлардың номеріне хабарласуына болады + 7 (775) 250 50 50 Дархан, + 7 (778) 505 40 40 Ерболат.

Дереккөзtengrinews.kz