Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық дереккөздерден және қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған деректерді талдап, бакалавриаттағы бір жылғы оқу құны бойынша республика аймақтарының рейтингін құрастырды. Компанияның мәліметінше, елімізде барлығы 124 жоғары оқу орны жұмыс істейді.

Қазақстандық университет бакалавриатында оқудың бір жылдағы құны орташа есеппен 396 307 теңге болады. Тиісінше бакалавриаттың төрт жылына 1 585 228 теңге төлеу қажет болады. Көптеген қазақстандық үшін бұл соманы жинау қиынға түседі. Оның үстіне, жоғары білім жыл сайын 10-15%-ға қымбаттап отыратынын ескеру керек, — дейді Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Компания жасаған талдау нәтижелері бойынша ең қымбат жоғары білім Алматыдағы оқу орындарында: мұнда бакалавриаттағы бір жылдық оқудың орташа құны студентке 671 397 теңгеден келеді. Ол төрт жылда 2 685 588 теңге төлеуге мәжбүр. Алматыға еліміздегі барлық жоғары оқу орнының 33%-ы тиесілі, сондықтан құн айырмасы өте үлкен және жылына 205 000 теңгеден бастап 2 157 000 теңгеге дейін түрленеді.

Рейтингте Алматыдан кейін Алматы облысы мен Астана тұр. Алматы облысында бакалавриаттағы бір жылдық оқу орташа есеппен алғанда 542 216 теңге, Астанада 532 384 теңге болады. Оқудың бір жылдағы ең жоғарғы құны Алматы облысында 1 250 000 теңге және Астанада 1 000 000 теңге.

Рейтингте олардың соңынан Ақтөбе облысы (жылына 484 333 теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (жылына 450 000 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (жылына 444 114 теңге) ілеседі. Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәлімет төмендегі кестеде келтірілген.

Жоғары білім ақысы бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі

(2018/2019 оқу жылы, бакалавриат, күндізгі бөлімдегі 1 жыл)

Аймақтар Бір жылдағы оқудың орташа құны, теңге Бір жылдағы оқудың ең жоғарғы құны, теңге Бір жылдағы оқудың ең төменгі құны, теңге
1 Алматы 671 397 2 157 000 205 500
2 Алматы облысы 542 216 1 250 000 390 000
3 Астана 532 384 1 000 000 340 000
4 Ақтөбе облысы 484 333 750 000 343 000
5 Солтүстік Қазақстан облысы 450 000 635 800 370 000
6 Шығыс Қазақстан облысы 444 114 700 000 342 900
7 Ақмола облысы 399 650 635 800 342 900
8 Атырау облысы 361 667 395 000 340 000
9 Павлодар облысы 341 600 464 000 342 900
10 Маңғыстау облысы 335 000 400 000 290 000
11 Қарағанды облысы 332 079 443 300 280 000
12 Жамбыл облысы 307 000 350 000 291 000
13 Батыс Қазақстан облысы 301 250 380 000 320 000
14 Қостанай облысы 286 629 443 300 188 403
15 Қызылорда облысы 276 667 390 000 250 000
16 Шымкент және Түркістан облысы 274 933 700 000 150 000

Ақпарат: ашық дереккөздерден және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған мәлімет.

Орындаған: Freedom Finance Life компаниясы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарына 163 336 адам оқуға түскен. Барлық студент саны былтыр 542 258 болды. Талапкерлер арасындағы ең танымал мамандықтар — халықаралық құқық, қаржы, экономика және құқықтану. Алайда соңғы бірнеше жылда ақпараттық технологиялар саласымен, бағдарламалаумен, деректерді талдаумен, робот техникасымен, генетикамен байланысты мамандықтарға сұраныс артты.

(GIF: Dribbble.com ©Brien Hopkins)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!