Алматыда колледж ұжымы оқу процесіне ІТ-технологияларды енгізуді талқылады

Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжінде «Білікті мамандарды дайындауда ІТ-технологияларды енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ІТ мамандарын даярлау» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушылар ғылыми прогресс ғасырында кәсіптік білім берудегі инновациялар аса өзекті және сұранысқа ие екенін атап өтті.

Олар оқыту процесін реттеуге, оны қажетті арнаға бағыттауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық негіздерді меңгеру  -маңызды мәселелердің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануда қарқынды даму байқалады.

Білім беру саласында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруге тырысу қажет. Ғылым мен техниканың дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр, — деп атап өтті ақпараттық технологиялар оқытушысы, «Өрнек» БПҰ төрайымы Рита Боранбаева.

Дөңгелек үстелдің соңында колледж басшылары мен педагогтар IT саласындағы мәселелерді шешуге арналған ұсыныстарын айтты.

Еске салайық, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы және нанотехнология саласының мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінген еді.