Сақтандыру компаниясының мәліметінше, ең арзан жоғары білім Шымкент пен Түркістан облысында.

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық дереккөздерден және қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған деректерді талдап, бакалавриаттағы бір жылғы оқу құны бойынша республика аймақтарының рейтингін құрастырды. Компанияның мәліметінше, елімізде барлығы 124 жоғары оқу орны жұмыс істейді.

Қазақстандық университет бакалавриатында оқудың бір жылдағы құны орташа есеппен 396 307 теңге болады. Тиісінше бакалавриаттың төрт жылына 1 585 228 теңге төлеу қажет болады. Көптеген қазақстандық үшін бұл соманы жинау қиынға түседі. Оның үстіне, жоғары білім жыл сайын 10-15%-ға қымбаттап отыратынын ескеру керек, – дейді Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Компания жасаған талдау нәтижелері бойынша ең қымбат жоғары білім Алматыдағы оқу орындарында: мұнда бакалавриаттағы бір жылдық оқудың орташа құны студентке 671 397 теңгеден келеді. Ол төрт жылда 2 685 588 теңге төлеуге мәжбүр. Алматыға еліміздегі барлық жоғары оқу орнының 33%-ы тиесілі, сондықтан құн айырмасы өте үлкен және жылына 205 000 теңгеден бастап 2 157 000 теңгеге дейін түрленеді.

Рейтингте Алматыдан кейін Алматы облысы мен Астана тұр. Алматы облысында бакалавриаттағы бір жылдық оқу орташа есеппен алғанда 542 216 теңге, Астанада 532 384 теңге болады. Оқудың бір жылдағы ең жоғарғы құны Алматы облысында 1 250 000 теңге және Астанада 1 000 000 теңге.

Рейтингте олардың соңынан Ақтөбе облысы (жылына 484 333 теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (жылына 450 000 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (жылына 444 114 теңге) ілеседі. Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәлімет төмендегі кестеде келтірілген.

Жоғары білім ақысы бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі

(2018/2019 оқу жылы, бакалавриат, күндізгі бөлімдегі 1 жыл)

АймақтарБір жылдағы оқудың орташа құны, теңгеБір жылдағы оқудың ең жоғарғы құны, теңгеБір жылдағы оқудың ең төменгі құны, теңге
1Алматы671 3972 157 000205 500
2Алматы облысы542 2161 250 000390 000
3Астана532 3841 000 000340 000
4Ақтөбе облысы484 333750 000343 000
5Солтүстік Қазақстан облысы450 000635 800370 000
6Шығыс Қазақстан облысы444 114700 000342 900
7Ақмола облысы399 650635 800342 900
8Атырау облысы361 667395 000340 000
9Павлодар облысы341 600464 000342 900
10Маңғыстау облысы335 000400 000290 000
11Қарағанды облысы332 079443 300280 000
12Жамбыл облысы307 000350 000291 000
13Батыс Қазақстан облысы301 250380 000320 000
14Қостанай облысы286 629443 300188 403
15Қызылорда облысы276 667390 000250 000
16Шымкент және Түркістан облысы274 933700 000150 000

Ақпарат: ашық дереккөздерден және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған мәлімет.

Орындаған: Freedom Finance Life компаниясы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарына 163 336 адам оқуға түскен. Барлық студент саны былтыр 542 258 болды. Талапкерлер арасындағы ең танымал мамандықтар – халықаралық құқық, қаржы, экономика және құқықтану. Алайда соңғы бірнеше жылда ақпараттық технологиялар саласымен, бағдарламалаумен, деректерді талдаумен, робот техникасымен, генетикамен байланысты мамандықтарға сұраныс артты.

(GIF: Dribbble.com ©Brien Hopkins)