Атырауға пандустары бар Ankai маркалы 30 автобус келді

Осы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тағы 100 бірлік қоғамдық көлік әкелу жоспарланды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аnkai компаниясы өндірген 30 жаңа автобус Атырауға жақын күндері келді. Олар «ТШО» ЖШС демеушілік қолдауымен алынды. Кондиционер, бейнекамерамен жабдықталған жаңа автобуста 24 отыратын және 75 тұрып тұруға арналған орын бар. Бір автобустың жалпы ұзындығы- 10,5 метр.

Жоспарланған қоғамдық көлік «Ақжайық — Автотұрақ» жаңа автобус паркін толықтырады.

Қоғамдық көлік саласында бәсекелестік ортаны құру үшін қазіргі уақытта екінші тұрақ құрылып жатыр. Оның 45%-ы «Атырау» ӘКК-на, 55%-ы -жеке инвесторға тиесілі,- дейді «Смарт-Атырау» ЖШС директоры Әділбек Танкиев.

Өткен жылы құрылған «Атырау-Автотұрақ» 26 қалалық бағыттың 8-ін қамтиды. Жаңа автотұрақ та осындай бағытты қамтамасыз етеді.

30 автобус мүгедектер үшін пандуспен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 100 жаңа Ankai автобусын сатып алу жоспарланған.