Әйелдер мерекесінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 8 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Солтүстік Қазақстанда жел күшейеді, екпіні секундына 23 метрге жетеді, боран соғып, көктайғақ болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде де жел күшейеді. Түркістан, Жамбыл облыстарында найзағай ойнайды, жел күшейеді, Жамбыл облысында күн тұманды болады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Қостанай облыстарында да жел күшейеді, бұрқасын соғып, тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматыға іргелес аудандарда қардың еруінен өзендер деңгейінің көтерілу қаупі бар.

Аталған метеорологиялық құбылыстарға байланысты өңірлерде ескерту жарияланды.