Алматыда улы газды анықтайтын қондырғы бір отбасыны ажалдан құтқарды

Алматыда ауадағы улы газды анықтайтын қондырғы бір отбасының өмірін сақтап қалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Наурызбай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының атына осы ауданның тұрғыны Нәзира Дондыбаевадан алғысхат келіп түсті. Тұрғынның айтуынша, төтенше жағдайлар қызметкерлері орнатып берген ауадағы улы газды анықтайтын қондырғы оның отбасын ажалдан сақтап қалған. Нәзира Дондыбаева қызметкерлерге сол үшін ризашылығын білдірді.

Төтенше оқиға Алматының «Қалқаман-2» ықшамауданында болған. 28 ақпанда сағат 02.00-де үй түтінге толып кеткен кезде ауадағы улы газды анықтайтын қондырғы іске қосылып, дабыл қаққан.

Бақытымызға орай, улы газ тек қондырғының үстіңгі аймағын ғана толтырғандықтан ешкім уланған жоқ. Кәмелетке толмаған 3 баланың анасы (ең үлкені 6 жаста, ең кішісі — бір жасқа толмаған) үйді желдетіп алды, — деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметкерлері.

Кейінірек Нәзираның күйеуі пештің есігін жабуды ұмытып кеткені анықталды.

Сіздердің қырағылықтарыңыз бен қондырғының тиімділігі мен дер кезінде орнатқандарыңыздың арқасында мотбасымның өмірі мен денсаулығы сақталды! — деп жазды Нәзира Дондыбаева хатында.

Датчикті қаңтар айында Наурызбай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Алматыдағы жеке тұрғын үй секторына жүргізген рейді барысында Қызыл Жарты ай қоғамының қолдауымен орнатқан.