«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, оңтүстіктегі таулы аймақтарда күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің басқа өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 23-28 м/с жел соғады, кей жерлерде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай, Қарағанды облыстарында бұрқасын соғады, көктайғақ болады, Қарағанды облысында тұман түседі, Қостанай облысында жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысында да тұман түседі, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында боран соғады, жел күшейеді. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түседі. Атырау облысында 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан су тасқыны болу қаупі бар. Ақмола облысы мен Астанада қар мен жаңбырға, тұман мен көктайғаққа, жел мен боранға байланысты ескерту жарияланды. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолдары жабылды.
Дүйсенбі күні еліміздің ірі қалаларында ауа температурасы мына шамада болады:
Астана
1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін
Алматы
8-10 градус жылы
Шымкент
11-13 градус жылы
Көкшетау
1-3 градус аяз
Ақтөбе
5-7 градус аяз
Ақтау
5-7 градус жылы
Талдықорған
8-10 градус жылы
Атырау
2-4 градус жылы
Қарағанды
2 градус жылы
Павлодар
1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін
Петропавл
3-5 градус аяз
Қызылорда
4-6 градус жылы
Орал
2-4 градус аяз
Өскемен
1-3 градус жылы
Тараз
13-15 градус жылы
Қостанай
7-9 градус аяз
Түркістан
9-13 градус жылы
