Талдықорғанда ұлы даланың көне сарындары шырқалды

Талдықорғанда «Ұлы даланың көне сарындары» тақырыбында шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің дәстүрлі әншілерімен ұлттық аспаптағы ойнаушыларының орындауында концерт өтті. Онда бірқатар белсенді шығармашыл қауым өкілдері марапатталды.

Кешті өткізудегі негізгі мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Дәстүрлі өнерпаздар ұмыт бола бастаған әндер мен күйлерді, түрлі жырларды шырқады. Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жоба – партияның 20 жылдығын да қамтиды.

Жобаның тағы бір мақсаты – белгілі тұлғалармен қоса жастарды да қолдап, оларды халыққа таныту, екі буын арасындағы үндестік пен дәстүр жалғастығын жаңғырту.