Синоптиктердің 27 ақпанға қатысты болжамы: құбылмалы ауа райы

27 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, арагідік жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі, жел күшейеді, Шығыс Қаазақстан облысының Жарма ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Алматы облысында тұман түседі. Жалаңашкөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматыға іргелес аудандарда су тасқыны қаупі бар.

Бүгін Астанада 6-8 градус аяз, Алматыда 7-9 градус жылы, Шымкентте 14-16 градус жылы болады.