21 ақпанда ауа райы қандай болады?

21 ақпанда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, жауын-шашын болып, күндіз оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Қостанай облысында да жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Манғыстау, Ақтобе облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Атырау облыстарында күн тұманды болады. Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа байланысты, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында желдің күшеюіне байланысты, Қостанай облысында желдің күшеюі мен жаяу бұрқасынға байланысты, Түркістан облысында желдің күшеюі мен бұрқасынға және тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Астанада күндіз 5-7 градус аяз, Алматыда 1 градус жылы, Шымкентте 3 градус жылы болады.