Басты бет / Жаңалықтар /
Геннадий Головкин

Ресейлік басылым Геннадий Головкинді Ресей азаматы деп атады

Артынан ресейлік басылым айыбын мойындап, боксшының жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Орта салмақтағы ресейлік чемпион Геннадий Головкин мен Ұлыбританиялық Келл Брук арасындағы жекпе-жектен кейін ұлыбританиялық боксшыға ота жасау қажет. Бұл туралы 11 қыркүйекте «Р-Спорт» хабарлады», — деп жазыпты ресейлік басылым.

Әлеуметтік желілерде азаматтарымыз осы ақпаратты қызу талқылап, басылымды қатты сынға алуы мұң екен, «Журналистcкая правда»: «жіберген қателігіміз үшін қазақстандық оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз. Геннадий Головкин, әрине, Қазақстан боксшысы» — деп кешірім сұрап құтылуды жөн көріпті.

Естеріңізге салайық, Головкин – Брук жекпе-жегі сенбіден жексенбіге қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондонда қаласында өтті. Боксшылардың айқасы бесінші раундта аяқталды. Отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмаған Брукты командасы шаршы алаңға орамал тастап құтқарып алды.

Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, қазақстандық боксшы жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

8 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Головкин бауырымның жеңісі үшін қуаныштымын.қазақстан спортшылары жасасын.урра
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    қазақтарда Головкинннен басқа қуаныш болмай бара жатқанға ұқсайды....
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қыртымысын ресейлік басылымдары..қуып кенткенғо
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      негізінде головкин орыстың да қазақтың да азаматы ғой
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    ГОЛОВКИН КАЗАХ ЖИГИТИ! ОРЫС УЛТЫНАН ШЫКСА ДА БИЗ ОНЫ СЫЙЛАП ОЗ АЗАМАТЫМЫЗГА КОСАМЫЗ!
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қалай дегенде де Головкиннің орыс екені рас қой. Бізге олардың айтқаны ұнасын, ұнамасын оны мойындау керек
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Озиннен тумай ул болмас Онын орнында каны казактын баласы болган кудай алмаса ешкимде ала алмас еди Онын несине шырылдайсындар
  7. А
    Айзат 10 жыл бұрын
    Ресейдің «Журналистcкая правда» ақпарат агенттігі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Ресей азаматы деп жазып, қазақстандықтрдың қаһарына қалды. кәтені түзеп алсақ жақсы болар еді (қазақстандықтардың)