Атырау облысында 11 қоқыс полигоны салынады

Атырау облысында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 11 полигон салынады. Бұл туралы облыс басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.

Облыста 2017-2021 жылдарға арналған  қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөнінде өңірлік бағдарлама қабылданды. Бүгінде облыстағы қоқыс полигондарында 2,3 миллион тонна түрлі қалдық сақталады. Былтырдың өзінде 112 мың тонна қоқыс жиналды. Қоқыс жинайтын жаңа полигондар құрылысы — қажетті жұмыс, — деді Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, әкім табиғат қорғау шараларының аймақ үшін маңызы зор екенін айтты. Өткен жылы облыста өңір экологиясына теріс әсерді азайтуға бағытталған 47 шара өтті. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 4,9 миллиард теңге жұмсалған.