Басты бет / Жаңалықтар /
Қылмыс, тұтқындау
Фото: Glavk.info

Студенттер мен жұмысшылардан ақша бопсалаған топ ұсталды

Павлодар облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлері бірлескен арнайы операция барысында азаматтардан жүйелі түрде ақша бопсалап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер Ақсу және Екібастұз қалаларында адамдарды қорқыту арқылы ақша талап еткен. Зардап шеккендердің арасында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері де бар.

Тінту барысында тәртіп сақшылары ақшалай қаражатты, ұялы телефондарды, банк карталарын, құжаттарды және қылмыстық іске дәлел болатын өзге де заттарды тәркіледі. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram