14 ақпан күнгі ауа райы: күшті жел мен тұман

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 14 ақпан күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Бұған республика аумағында антициклон жотасының орналасуы себеп.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түседі. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Жамбыл облысында жауын-шашын жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 20-25, кей жерлерде 30 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын соғып, тұман түседі, күндіз жел күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында да күн тұманды болады.

Күндіз Астанада 7 градус аяз, Алматыда 3 градус жылы, Шымкентте 4 градус жылы болады.