Қар жауады
Фото: i1.wp.com

13 ақпанда қар жауады, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

«Қазгидромет» РМК гидрометеорологтарының мәліметінше, Қызылорда облысында тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, көктайғақ болады. Алматы, Түркістан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні 30 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл облысында 23-28 м/с жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі, жел күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болады.

Астанада 9-11 градус аяз, Алматыда 1-3 градус жылы, Шымкентте 8-10 градус жылы болады.